Мектептің оқу жоспары









Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалатындығы өмір шындығы.
Бүгінгі мектеп оқушылары, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, оны алға апаратын азаматы болғандықтан, мектептердің дамуымен оның ертеңгі көк жиектері тәуелсіз мемлекетіміз бен қоғамның басты назарында.
Бүкіл әлемдік қауымдастыққа батыл қадаммен басқан тәуелсіз еліміздің жастары жоғары білімді, кәсіби маман, басқалар мен бәсекелестікке түсе алатын, шет тілін білетін, қазіргі ақпараттық коммуникативтік үрдестерді толық меңгерген азаматтарды дайындау мектептің басты міндеті. Осы ізгі міндеттерді іс жүзіне асыру бағытында мектепті ғылыми тұрғыдан басқара білу мектеп басшыларының басты борышы. Басқару үрдісінде педагогикалық жүйені құрайтын компоненттерді жете бағалау, ұжым мүшелерін шығармашылық жұмысқа бағыттау, олардың мамандық шеберліктерін ұштау, теориялық біліктілігін барынша жетілдіру, соңғы жылдары мектеп өмірінде лайықты орын алған оңтайлы өзгерістерді ұтымды қолдана білу мектеп басшыларының іс тәжірибесінде қолданулары қажет.
Қазіргі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты мен міндеттері - жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға жұмылдырылған. Яғни, әр оқушы дара қабілеттер мен жеке психологияның, өзіндік дүниетаным мен қайталанбас көзқарастардың иесі – нағыз тұлғаға айналу үрдісі мектеп қабырғасы мен сабақ үрдісінде жүре бастайды.
Бүгінгі таңда мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Бала оқытып, тәрбиелеумен айналысатын барша педагог қауымның басты мақсаты - әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау және жеке тұлға қалыптастыру. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов өз сөзінде «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикалық методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,- деген.
2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс өз міндетін орынды атқарды.
Мектеп проблемасы: «Мектептің білім беру үдерісінде біліктілікті үйлесімді тарату арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру»
Міндеттері:
-пән негіздері бойынша оқытудың неғұрлым тиімді технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру;
-оқушыларға сапалы білім беруде арнайы жабдықталған пән кабинеттерінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
-оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру;
-сапалы білім беру мақсатында оқу үрдісін ынталандыру.
Мектептің әдістемелік жұмысының мақсаты:
«Ұстаздардың жан-жақты біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау, білім сапасын арттырудағы кәсіби шеберліктерін шыңдау»
Мектептің әдістемелік жұмысының басты бағыттары:
- Мұғалімдердің білім деңгейін көтеру.
- Ұстаздардың бір-бірімен тәжірибе алмасуларын қолдану.
- Пәндерді оқыту сапасын, сапалы үлгерім нәтижесін беруін қамтамасыз ету.
- Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп, өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін көтеру
- Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату
- Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілікті ұстау
Оқушыларды тәрбиелеудің, олардың бойында жоғарғы көпмәдениеттілік қасиеттерді қалыптастырудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру
ӘК отырысы жылына төрт рет жоспарланған. Онда әдістеме бірлестігі мүшелерінің жұмыстары, педагогикалық ұжым мүшелеріне көмек көрсету, оқу – тәрбие процесіндегі қазіргі талаптарды, «жаңалықты» ұжым арасында тарату арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру қарастырылды.
Әдістемелік Кеңес мүшелері:
- Есенгалиева Г.У.- бастауыш сынып мұғалімі
- Базарбаева Ж.Б.- гуманитарлық пәндер бірлестігі
- Сәліков Т.Б.- жаратылыстану – математика пәндері бірлестігі
- Әбішева Т.М.- сынып жетекшілер бірлестігі.
Санаттан өткізу комиссиясының құрамы:
Комиссия төрағасы:
1.А.Т Үдербаева - мектеп директоры,жоғары санатты математика және физика пәндерінің мұғалімі
Мүшелері:
- Г.У Есенгалиева –ӘБ жетекшісі,жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
2.Л.У Зейнина- І санатты орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
3.А.О Мусина-жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Сараптама тобы:
1.Т.Б Саликов- І санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
2.Б.М Абишева- жоғары санатты музыка пәнінің мұғалімі
Хатшы:
1.А.И Саликова
ӘК отырысы мектептің оқу-тәрбие жұмысында алған проблемасына байланысты өткізіледі. Жоғарыда айтқандай ӘК 4 отырыстан құралған.
Қараша айында өткізілген әдістемелік отырыстың тақырыбы: «Оқушылардың өздігінен білім алуға жағдай жасау». Осы тақырыпта 4 сыныпта математика пәнінен және 5 сыныпта өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар болып,әдістемелік отырыс болып өтті.
Сабақтар өте тартымды, өмірмен және пәндер аралық байланыста болды. Сонымен қатар ойын элементтері, жаңа технологияның әдіс-тәсілдері жас ерекшеліктеріне, оқушы қызығушылығын ояту мақсатына сай таңдалып, сәтті өтті.Оқушылардың өздігінен білім алуға жағдайлар жасалды. Оқушылар өз ойларын ашық айта білді, жеке, топпен жұмыстар жақсы болды. Отырыс барысында мұғалімдермен осы тақырып аясында әңгіме жүргізілді, ой бөлісті.
Қаңтар айында «Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» тақырыбында әдістемелік отырыс өткізіліп, Усина К.Б осы тақырыпта баяндамасын назарға ұсынды. Сауат ашу пәні бойынша 1 сынып және ағылшын тілі бойынша 5 сыныптарда
ашық сабақтар өткізіп,жаңаша білім мазмұны бойынша сабақ беріп жүрген ұстаздар өз іс – тәжірибелерімен ұстаздар қауымымен бөлісті,Курс өтпеген ұстаздар осы сабақтардан біршама мағлұмат алды.Өздерін толғандыратын сұрақтар бойынша талқылау жүргізді.Сабақтары өте сәтті, қызықты өтті.Оқушылардың өздігінен білім алуы да байқалды.Наурыз айында 3-ші кезекті отырыс «АКТ- сабақта.Оны пайдалану тиімділігі» тақырыбы аясында өтті. Математика 2 сынып, Информатика 6 сынып
Искаков Б.О осы тақырыпта баяндама жасады,АКТны сабақ барысынды пайдаланудың тиімділігі жайлы мұғалімдермен пікір алмасты, әр ұстаз өз ойын айтып, ауқымды мәселелер ортаға салынды. Мұғалімнің жасаған баяндамасы өз іс-тәжірибелерінен алынған.ІІІ деңгейлік курсты тамәмдаған информатика Искаков Б.О. 6- сыныпта информатикадан өткізген сабағы жақсы өтті. Сабақтарында оқушының өз бетімен ізденуі, топпен, жеке, жұмыстар байқалды. Оқушылардың өзін еркін ұстауына, ойын ашық айтуына қолдау жасалды.Жаңа тақырыпты оқушылар деңгейлік бағдарламаның модульдері бағыттары бойынша өздері игерді.Әсіресе бағалауға келгенде оқушылар аса қызығушылықпен көзге түсті.Ал 2 сыныпта математика пәнінен өткен ашық сабақ жақсы деңгейде өтті.Сыныпта бар болғаны екі оқушы.Екеуі де оқу озаттары.Сабаққа нығыз.Тез ойланып,шапшаң жауап береді.Ашық сабақ жақсы деңгейде өтті.Мамыр айындаәдістемелік отырыс барысында «Жас маман – ізденістері мен жетістіктері.» тақырыбында баяндама жасалды. Жаңа технологиялар түріне кеңірек тоқталып, өз іс-тәжірибелерінен баяндама жасап, ортаға салды. Мұғалімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта жаңа технология элементтері, ойын түрлері қолданылып, көптеген іс-әрекеттер жасалынды. Биология пәні мұғалімі10 сыныппен Султангазин О ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі пәні мұғалімі 9 сынып оқушыларымен Шайкин Т.О өткізген ашық сабақтары мазмұнды құрылған, сәтті өтті.Жас мамандардың сабақ беру әдістері өз деңгейлеріне сай.Тәлімгерлердің жас мамандармен жұмыс жүргізетіндері әбден көрініп тұрды.
Осы аталған 4 отырыс барысында мұғалімдер «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген Жан Жак Руссоның сөзін дәлелдеді. Өздерінің жаңа заман ағымымен бірге жүрген, жаңашыл, бала бақытын ойлайтын ұстаз екенін байқатты.
Әдістемелік бірлестік жыл бойы жоспар бойынша жұмыс жасап, әр бірлестікте дәптер тексеру сапасы, жүйелілігі, оқу технологиясының нормаға сай болуын тексеру жұмыстары қаралды.
Биылғы оқу жылында санатын көтеруге арызданған мұғалімдер: І санаттырастауға
1.Усин Б.Ш-тарих,экономика,құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері
2.Усина К.Б-мектепалды сыныбы тәрбиешісі
3.Искакова Қ.Қ-АӘД мұғалімі
Жыл бойы санаттан өткізу комиссиясы жоспар бойынша жұмыс жасады,
папкалар жинақталып,еңбектері сарапталды. Сабақ беретін оқушылардың білімін тексеру мақсатында бақылау, тест жұмыстары алынып, білім сапалары есептелді. Санатқа арыз берген мұғалімдер осы жолда көптеген іс-шаралар өткізді, ашық сабақта өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ақбота-2015 интеллектуалдық марафонына 4оқушы қатысып, сертификат алды. Ауданда өткен бастауыштан математика олимпиадасына 2оқушы қатысып,сертификат иеленді.Халықаралық «ПОНИ» конкурсында 4-сынып оқушылары Роман Аңсаған жүлдегерлер қатарына шығып, дипломдармен марапатталды.Ағылшын тілі пәнінен жылда өтетін халықаралық «British buldog» байқауынан 5 сынып оқушысы Сұлтан Нұрсұлтан І орын,7 сынып оқушысы Романова Дильназ ІІ орын иеленді
10 сынып оқушысы Шаяхмет Сәния аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасынан ІІ орынға ие болды.
Технология пәнінен 8-сынып оқушысы Сұлтан Бекарыс ағаш өнері бойынша байқаудан ІІІ орын,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шайкин Т аудандық мәдениет және тілдер бөлімі ұйымдастырған үштілділік олимпиадасынан ІІ орын алды..Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сәліков Талғат Баянұлының үйретуімен мектеп оқушылары түрлі спорт ойындарын игеріп, жеңіл атлетика, қазақша күрес, волейболдан аудандық жарыстарда жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр.
Аудан көлемінде шахматтан 7 сынып оқушылары Зикирин Бекжан мен Романова Дильназ І-орын, күзгі кросстан ІІІ-орын иеленді. Президенттік көпсайыста Шарипов Мағжан ІІ-орын, қол күресінен Сейтақ Айдын ІІ-орынға ие болды.Ұлттық тоғызқұмалақ ойынынан 11 сынып оқушысы Серикбаева Айжан аудан көлемінен ІІ орындар иеленді.
Мектепте пән апталықтары жоспар бойынша өткізілді (тілдер, математика, тарих, биология-география).
Ұжымда 17 мұғалім, 2 тәрбиеші бар. Оның 12-і жоғары білімді, 5-і арнаулы орта білімді. Жоғары санатты -5, І санатты-5, ІІ санатты-2,.
Биылғы оқу жылында 3 мұғалім білім мазмұнын жаңарту бойынша курстардан өтті. Қорыта айтқанда, өткен оқу жылындағы әдістемелік кеңес жұмысын проблемаға сай педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейлерін көтеруге пайдасы зор болды деп және мақсатқа жетті деп бағалауға болады. Бұл мақсатқа жету үшін білім мазмұнын жаңарту курстары мен қысқа мерзімді курстарын толық оқып үйренудің, аудандық, мектепаралық семинарларға қатысудың, білім жетілдіру курсынан өтудің және әр мұғалімге өз пәні бойынша жаздырып алған әдістемелік басылымдарды, интернет жүйесін пайдаланудың маңызы зор.
Жаңа 2018-2019 оқу жылына әдістемелік жұмыс мақсаты:өнері жақсыжақсы бағаланып, диплом табысталды. ері. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген аудандық мә
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану -білім сапасын арттырудың негізгі құралы».
Мақсаты: Оқытудағы инновациялық әдістерді меңгертуге үйрету.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
- Тиімдітехнологияларды сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқыту сапасын дамытып; оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
- Озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін насихаттау;
- Мұғалімдерді тиімді әдістемелік біліммен қамтамасыз етуде жеке құндылығын қалыптастыру;
- Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру.
5.Өздігінен білім көтеру сапасын жетілдіру.