ЕХРОға саяхат-əр Қазақстандықтың патриоттық міндеті
5 шілде 2017 жыл мектеп ұжымы Астана қаласына EXPO-ға барды. EXPO көрмесі барлық мұғалімдерге оң эмоция тудырып, Қазақстанымыз үшін зор мақтаныш кеудемізді кернеді. Әсіресе өзіміздің Отандық сферамыз қатты ұнады. Сонымен қатар шетелдік павильондар өз көрмелерімен мұғалімдер ұжымын таң қалдырды.



