Меню KDT

Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы − ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы − 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктіктің белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Тегін тамақтандыру

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Рухани Жаңғыру

Хаттама №1

Директор блогы

ҚР Президентінің жолдауы

Сауалнама

Баланың мектепке дайындығын қай критерий бойынша анықтауға болады?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда13
  • Осы аптада4
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер