«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» науқаны өткізілді
Елемізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" атты Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде. Аталған іс-шара Майбалық негізгі орта мектебінде де ұйымдастырылды. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанысы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындағаны жөн. Іс-шаралар аясында баланың құқықтары туралы әртүрлі түсіндіру жұмыстары және ата-аналарға консультациялық кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.