Жасөспірімдер ата-аналарына психологтың кеңесі
Ата-аналар, мұғалімдер мен балалар үшін ең қиын кезең – жыныстық жетілу кезеңі. Гормонды үйлесізімдік жасөспірім психикасына әсер етеді. Өзін-өзі танытуы, дербестігін көрсетуі жасөспірімді ерсі дөрекілік пен жөнсіз қылық жасауға әкеліп соғады. Адуын жігерлілікті тоқтату мен жасөспірімді дұрыс жолға салуда ата-ана мен педагогте төзімділік пен күш жетпесе, бойжеткен балалар үлкен қателік жасауы мүмкін. Қазіргі уақытта жасөспірімдік қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, өз-өзіне қол жұмсау проблемалары маңызды болып келеді. Мұндай қиын кезеңде психолог кеңесі қажет.
Жасөспірімдер ата-аналарына психологтың кеңесі: Ең тиімді тәсіл – жасөспірім уақытын «жіберіп алмау», оған жолдас болу. Онымен сенімді қарым-қатынаста болу маңызды. Жасөспірімге үй ішінде қандай да бір міндетті жүктеңіз. Бірақ оны бала өзінің мәнділігін түсінетіндей қылып жасаңыз. Баламен көбірек қарым-қатынас жасаңыз, сөйлесіңіз...
Ата –аналарға кеңес
1. Отбасыларыңызда, балаларыңызбен ішкі проблемаларыңызды ашық айтуға тырысыңыздар.
2. Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне, талап етіңіздер.
3. Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.
4. Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.
5. Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.
6. Болашақ балаларыңызды жақсы көріңіз, мұқият болыңыз, бұл әсіресе өте қажет.
Балаңызбен қалай қарым-қатынас жасау керек ?
Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік адамның жаңа бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген ұмтылысынан туындайды. Психологтардың айтуынша, қарым –қатынас өзге адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар арасындағы әрекеттің бір түрі болып саналады. Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады. Ата-ана үшін бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас негізінде бала мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп тереңдей береді. Бұл отбасында орын алған сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады. Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке алу тым жақын алудың қажеті жоқ. Коммуникативтік дағдылары қалыптасқан баланың бұл табысын ересектермен бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады. Ата-ананың барлық назары балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар. Мұндай талаптар балаға да қойылады. Бірақ ол талаптар мен нормалар баланың қажетттілігіне сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.
Ата-аналарға арналған кеңес.
1. Жасөспірімді жақсы қабылдау.
2. Оның ренішін және қажеттілігін белсенді «тыңдау».
3. Бірге уақыт өткізу (оқу,сабақ дайындау).
4. Оның жұмысына араласпау,ол өзі орындап шығады.
5. Егер сұраса, көмек көрсету.
6. Өз сезімдерімен бөлісу (яғни сену).
7. Табыстарын қолдау.
8. Кикілжіңді конструктивті шешу.
9. Күнделікті қарым –қатынаста жағымды сөздерді пайдалану.
10. Күніне 4, немесе 8 рет құшақтасу.
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама
Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.
Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.
Есте сақтаңыз!
- Қараңғы түнде түскен уақыт пен (22.00-06.00 ден-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады;
- Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай сіздің білуіңіз қажет болған болмасын оның уақиға туралы айтып екенін, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда де ұстауға уәде берсеңіз, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз;
- Судағы жүзу рақаттанғаннан ойындар мен басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз - сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.
- Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль соған мен тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.
- Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; мерзімге қысқа тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.
- Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Алаңғасарлық Балаларда болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.